БҚО Полиция департаментінің өкілдері бұл мәліметті растады
Оралда ер адам оқушы қызға шабуылдамақ болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды tengrinews.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, күдіктіні қыздың жылағанын естіген тұрғындар ұстаған.
Ер адамның оқушы қызға шабуылдамақ болған сәті видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан пакет ұстаған ер адамның мектептен келе жатқан қыздың соңынан бара жатқаны анық көрінеді. Бұл видео Instagram желісіндегі «Жалоба Уральск» парақшасында жарияланған.
Видео авторының айтуынша, бұл жағдай кеше, сағат 14.20-да «Жеңіс» ықшамауданындағы №27 үйдің кіреберісінде болған.
БҚО Полиция департаментінің өкілдері бұл мәліметті растады. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібековтің айтуынша, ер адам уақытша ұстау изоляторында.