|
07.12.2019 | 11:32
6763

Алматы зообағында Алькор атты ақ аю 30-ға толды

Ақ аюды адам өмірімен өлшейтін болсақ, 100-ге келді

Алматы зообағында Алькор атты ақ аю 30-ға толды inform.kz

Бүгін Алматы зообағында танымал Алькор есімді ақ аю 30 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алькор немесе Коля есімді ақ аюды адам өмірімен өлшейтін болсақ, 100-ге келді. Зерттеулерге сәйкес, табиғат аясында ақ аюлар 20 жасқа дейін, ұрғашылары 25-30 жасқа дейін өмір сүреді. Алькор 1989 жылы Калининград зообағында туған. 1990 жылдан бері Алматы зообағында өмір сүріп келеді.

«Бұған дейін Алькордың ұрғашы «құрбысы» Кристина бар болатын. Бұл жануар да ұзақ өмір сүрді. Екеуінен Умка есімді қонжық бар. Қазір Умка чех зообағында тұрып жатыр», - дейді Алматы зообағының өкілі Михаил Сорокоумов.

Хайуанаттар бағының бас ветеринар міндетін атқарушы Алина Чимирук ақ аюдың азығы туралы айтты.

«Алькордың жасын ескеріп оған арнайы ас мәзірін дайындаймыз. Көбіне түрлі ботқалар, балық және балық майын береміз. Ол етті өте жақсы көреді. Сонымен қатар, көкөніс пен жеміс-жидек жейді. Үнемі ветеринар дәрігердің бақылауында», - деді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир