Тоқаев кредит мәселесі бойынша ұсынысын жариялайды

20.10.2022 17:22

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлімдеді

Sputnik / Абзал Калиев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды мәселенің біріне тоқталып, таяуда ұсынысын жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталған еді.