140-тан астам мәселе «Опен Алматы» қоғамдық қабылдауында көтерілген
Алматы әкімдігіне қарасты басқармалардың жұмысына қатысты тұрғындардың сұрағы таусылар емес. Керісінше, көңілі толмайтын мәселелер шаш етектен екенін әлеуметтік желіге түскен сауалдар санынан байқауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үш аптаның ішінде әкімдікке 600-ге жуық сұрақ интернет арқылы қабылданса, 140-тан астам мәселе «Опен Алматы» қоғамдық қабылдауында көтерілген.
Әйтсе де, дер кезінде халықтың уәжін атқара алмай қалған басқармалар жоқ емес. Бас-аяғы міндеттелген жүктеменінің 20 пайызын басқарма мамандары уақытында орындамаған. Қалада қордаланған мәселеге қатысты соңғы үш апта ішінде бас-аяғы 9 пост, 8 твит жазылған. Ал сөз етілген түйткілге қатысты 1500-ден астам адам пікір қалдырған екен.