Мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады

23.12.2021 17:23
Владимир Федоренко/РИА «Новости»

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту туралы № 874 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаулы мәтініне сәйкес, министрліктерде, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде штат санының лимиті өзгереді.

"Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін", – делінген қаулы мәтінінде.