Алматылықтардың қала әкіміне қояр сұрақтары толастамай тұр

13.08.2019 17:24

Бұдан бөлек, бұқара 2 мыңнан астам сұрақты Оpen Almaty қоғамдық қабылдауына жолдаған

Жұрттың басым бөлігі әлеуеттік желіде өздерін мазалаған сауалдарды жарыса жолдауда. Қалада қордаланған мәселеге қатысты соңғы үш аптада бас-аяғы 9 пост, 8 твит жазылған. Ал сөз етілген түйткілге қатысты 1500-ден астам адам пікір қалдырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ең көп көтерілген проблема – жолдар мен жаяу жүргінші жолдың құрылысы. Одан кейін коммуналдық қиындықтарға 130-дан астам тұрғын сауал жіберген. Алматылықтарды ең аз алаңдататын мәселе арықтар екенін байқауға болады. Бұдан бөлек, бұқара 2 мыңнан астам сұрақты Оpen Аlmaty қоғамдық қабылдауына жолдаған.  Ал байланыс орталықтарына 1500-ден астам қоңырау келіп түскен.

Жұртқа дер кезінде тұшымды мәлімет беріп үлгермеген аудан әкімдіктерінің ішінде Алатау ауданы көш бастап тұр. Онда 90 түрлі мәселенің 19-ы өз шешімін таппаған. Сондай-ақ, қалалық мобильдік басқармасы да 19 сауалдың түйіткілін уақытында шешіп үлгермеген. Түрксіб ауданы әкімдігі де жүктелген мәселенің 6 пайызын атқармапты.