Алматының екі ауданында ыстық су тоқтатылды

11.06.2019 17:24

Алатау мен Түрксіб аудандарындағы уақытша келеңсіздік 10 маусым мен 4 шілде аралығын қамтиды

twitter.com

Алматының екі ауданында ыстық су тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәлірек айтсақ, «Ақкент», «Жас Қанат» ықшамаудандарында КЭЧ және СВК қазандықтарының жөнделуіне байланысты Алатау мен Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылды.

Судың тоқтатылу мерзімі мынадай: «Жас Қанат» және «Жұлдыз-1» шағынаудандарында  – 10-24 маусым аралығында, Мөңке би-Б. Момышұлы - Райымбек-Ф. Оңғарсынова шаршысында – 13-27 маусым аралығында, ал Б.Хмельницкий-Дөнентаев-Сүйінбай-Поддубный  шаршысында 13 маусым мен 4 шілде аралығында.

«Қысқы жылыту маусымында жылу мен апаттық көрсеткішті азайту үшін қазандық жабдықтары жөнделеді», – деді «Алматы жылу желілері» ЖШС.