Алматы әкімдігі кәсіпкерлік қызметке алматылықтарды кеңінен тартуға баса назар аудармақ. Бұл туралы қала әкімі Б.Сағынтаев ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді
Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейтін 2/3 алматылықты жұмыспен қамтамасыз етеді және жиналған салықтардың 63%-ын әкеледі. Қала экономикасындағы ШОБ-тың рөлі шағын бизнестің КТС жергілікті бюджетке берілгеннен бері маңызы артты.
«Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламасы әзірленді. Қаланың бес ауданында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталықтарының бөлімшелері құрылды. Мұнда бизнесмендер «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің 525 түрін ала алады. Бұл – көрсетілетін қызметтердің мерзімін қысқартып, қолжетімділігін арттырады», — деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Бизнес үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру мақсатында «Алматы» ӘКК базасында жалпы капиталы 2019 жылы 3 млрд. теңге болған AlmatyFinance компаниясы және «Almaty» микроқаржы ұйымы құрылды.
Бұл ретте қаланы теңгерімді дамыту үшін сараланған мөлшерлеме қолданылады: көпбалалы әрі аз қамтылған отбасылар мен өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін 2%, ал қалған аудандар үшін 7%. ШОБ жобаларын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру үшін «Даму» қорымен бірлесіп тепе-тең негізде қосымша 2 млрд. теңге бөлінді. Келесі жылы осы бағыт шеңберінде тағы 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар (БЖК-2020, АӨК) аясында 554 ШОБ жобасы қаржыландырылды, 4,4 млрд теңге көлемінде субсидия төленді.
«Жалпы, ШОБ қаржылық қолдаудың жалпы көлемін ағымдағы жылы 4,5 млрд теңге, келесі жылдан бастап 30 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр», — деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.
Жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттарға түрлі форматтағы оқыту курстары өткізіледі. Қыркүйек айынан бастап мотивациялық курстар басталды. Оқулар ағымдағы жылдың соңына дейін 75 мың адамды, ал келесі жылы 200 мың адамды қамтымақ.
«Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкер», «IskerAna» қалалық оқыту бағдарламалары белсенді іске асырылуда. 2000-нан астам көпбалалы ана кәсіпкерлік курстарынан өтті. Өз ісін ашу үшін 155 адам грант пен 77 құрал-жабдық алды. Осылайша 230 көпбалалы ана өз ісін бастады.
Жыл соңына дейін көпбалалы аналарға мыңнан астам грант және жылдық үстемесі 2% болатын 150-ге жуық жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып отыр. Бұл жұмыс алғашқы нәтижесін беріп үлгерді. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 10 айда 8,9%-ға өсіп, 190 мыңнан астам адамды құрады.