Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2035 жылға қарай электр энергиясы қандай отын түрлерінен өндірілетіндігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Электр энергетикасы саласын дамыту жоспарын сәтті іске асырсақ, 2035 жылға қарай отын түрлері бойынша белгіленген қуаттың құрылымы мынадай болады: жаңартылатын энергия көздері – 24,4, гидроэлектр станциялары – 10,8, газ – 25,8, көмір – 34,3, атом электр станциялары – 4,7 пайыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның атап өтуінше, жаңартылатын, баламалы энергияны және газ генерациясын іске қосу арқылы электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір генерациясының үлесі едәуір төмендейтін болады.
«Осылайша, 2035 жылға қарай жылына 44 млн тонна СО2 деңгейінде көміртекті офсетке қол жеткізу жоспарланып отыр», - деді миинстр.