Президентке жаңа өкілеттік беріледі

sputniknews.kz
sputniknews.kz
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында берілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президентке жаңа өкілеттік беріледі. Парламент Сенатының жалпы отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда ел Президентіне Үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы шешім қабылдау бойынша өкілеттік беру беру қарастырылған.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді және еліміздің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, оның ішінде аудандық маңызы бар қалалардың ағымдағы мәртебесін толық көлемде қамтуға бағытталған. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес елді мекендер жатады», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров.


Бұдан бөлек сенатор Айгүл Қапбарова көші-қон процестерін іске асырудағы мемлекеттік шаралар мен тетіктерге қарамастан, өңірлердегі көші-қон проблемалары толық шешілмей отырғанына алаңдаушылық білдірді.«Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық 118 832 адамды құрайды. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ын 15-34 жасқа дейінгі жастар құрайтыны алаңдатады», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова.

«Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық 118 832 адамды құрайды. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ын 15-34 жасқа дейінгі жастар құрайтыны алаңдатады», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова.

Новости партнеров