2000-шы жылдары маньяктар Алматыда 35 жезөкшені өлтірген

2000-шы жылдары маньяктар Алматыда 35 жезөкшені өлтірген
Жезөкшелерді зорлаушы-еркектер шетінен импотент болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматылық жезөкшелерге қатысты қазіргі хайп бір қарағанда күлкілі көрінеді», деп желіде әңгіме бастаған журналист Асқар Жалдинов кезінде Алматыда болған бір оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«90-шы жылдардың аяғы, 2000 жылдардың басында Алматыда көше бойында тұратын жезөкшелер жоғалып кетті. Суворов пен Борман дегендер бастаған 15 маньяк топтасып, бірнеше жыл бойы жезөкшелердің көзін құртумен айналысты. Қылмыстық топ құрамында рецидивист-нашақорлар, жезөкшелер болған. Олар Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелерді алдап алып шығып, қала сыртында анайы түрде зорлап, сосын садистік әдістермен өлтірген. Қалтасындағы ақшасы мен бар затын банда мүшелері өзара бөліскен. Жезөкшелерді зорлаушы-еркектер шетінен импотент болған. Кейін, тергеу барысында олар өз қылмысының мотивін қоғамды тазалау үшін деп түсіндірді. Топтың барлық мүшесі ұсталып, олардың 35 әйелді өлтіргені дәлелденген болатын», – дейді ол.

Іс бойынша екі тергеу тобы жұмыс істеген екен.

«Айтпақшы, іс бойынша бір-бірімен байланысы жоқ екі тергеу тобы жұмыс істеген. Оның бірін қазіргі су жаңа генерал Алик Шпекбаев, екіншісін қазіргі ІІМ вице-министрі Махамбет Әбісатов басқарған. Соңғысы өткенде ғана желіде қол астындағыларды боқтауымен атын шығарды. Айта кетсек, екеуі де аңыз тергеушілер. Өз заманында мықты оперлер болған», – деп аяқтайды әңгімесін Асқар Жалдинов.

Новости партнеров