Ең жақсы сыйлық таңдау үшін 4 идеяны ұсынамыз
Жылдың ең басты мейрамдарының бірі – 8 наурыз, ал ерлер қауымы болса, жақын жандарына сыйлық іздеп, сабылуда. Бұл ретте барлық шартты мүлтіксіз орындаған жөн – сыйлық ерекше, әрі арзан болмауы керек. Сіздерге дүкенде самсап тұрған алуан түрлі сыйлықтың арасынан ең жақсысын таңдауға көмектесу үшін 4 идеяны назарға ұсынамыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Шын мәнінде егер сүйіктіңізде қажеттінің бәрі бар болса, сыйлық таңдау әсте оңай емес. Сыйлықтың арасынан ең жақсысын таңдауға көмектесу үшін 4 идеяны назарға ұсынамыз.
Шашқа арналған стайлер
Кез келген бойжеткен шашын ерекше сәндегенді жақсы көреді: түзу шашты бұйралап, бұйра шашты түзегенді ұнатады. Адамның өзіне тән табиғи ерекшелігімен күресуі еш уақытта толастамайтын шығар, алайда технологияның дамуы нәзік жандыларға бұл тұрғыдан көптеген мүмкіндікке жол ашты. Сондықтан технологияның стайлер секілді жетістігі қыздарға таптырмас сый бола алады. Бұл міндетті түрде Dyson сыйлау керек деген сөз емес, дегенмен егер ақшаңыз жетіп тұрса, неге дәл соны сыйламасқа?! Ал нарықта сапасы жоғары, кез келген бюджет пен талғамға сай түрлі стайлер бар.
Кофе қайнатқыш немесе кофемашина
Егер күнді кофе ішумен бастасаңыз, онда күні бойы сәттілік серігіңіз болады. Сүйіктіңізге болмаса да, сізге сәттілік әкелетіні сөзсіз, себебі сіз тарту еткен кофе қайнатқыш немесе кофемашинаның көмегімен дәмі тіл үйіретін сусын әзірлеу оған ләззат сыйлайды емес пе?! Стайлер секілді кофе әзірлеуге арналған гаджеттер де, бағасы да әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай сыйлыққа әдемі кофе ішетін кесе немесе бір қорап кофені қоса сыйлауға болады. Одан бөлек бұл сыйлық сүйікті сусынды бөлісіп ішу үшін бір дастархан басында бас қосуға жақсы себеп.
Жылы жамылғы
Қайнатылған кофеге қоса көктемнің салқын кештерінде жылытатын жылы жамылғы да сыйлауға болады. Жан жылулығы мен тән жылулығына қамқорлық жасау қашан да жанға жағымды іс. Ал жұмсақ, үлпілдек жамылғы сүйіктіңіз үшін сіз және сізбен өткізген жылы сәттердің естелігі болмақ. Жамылғының түсін оған да, өзіңізге де ұнайтындай етіп таңдауды ұмытпаңыз.
Сыйлық сертификаты
Еш уақытта өзектілігін жоғалтпайтын сыйлықтың бірі – косметика, кітап немесе хобби-маркет дүкендерінің сертификаты. Таңдаған сыйлығым ұнамай қалуы мүмкін деп күмәнданып тұрсаңыз, сүйіктіңізге сыйлықты өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз. Сіз алдын ала ақысын төлеп қойсаңыз, болғаны. Бұл тұста ескеретін мәселе – сертификат сомасы. Басқа сыйлықтарға қарағанда сертификаттың құнын жасыру мүмкін емес екенін ескеріңіз. Мұндай сыйлық әмбебап, оны екінші жартыңызға да, анаңызға да, әпкеңізге де, тіпті әріптесіңізге де сыйлауға болады. Ондай сыйлық алсаңыз да, бастысы – көңіл. Жақын адамың сыйлаған шағын гүл шоғы миллион раушан гүлінен де құнды болмақ.
Оқи отырыңыз: Ерлерге кеңес: 8 наурызда қандай сыйлық беруге болады