Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Орташа жалақы ең жоғары салалар:
- тау-кен өндіру – 766 555 теңге;
- қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге;
- ақпарат және байланыс– 541 218 теңге.
Орташа жалақы ең төмен салалар:
- сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге.
Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі:
- Атырау облысы – 618 420 теңге;
- Маңғыстау облысы – 509 818 теңге;
- Ұлытау облысы – 450 889 теңге;
- Астана қаласы – 432 197 теңге;
- Алматы қаласы – 390 322.
Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі:
- Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге;
- Жетісу облысы – 246 203;
- Шымкент қаласы – 254 202 теңге;
- Жамбыл облысы –– 254 646;
- Түркістан облысы – 257 874.
2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.