Келесі айда аптада бес күн жұмыс жасайтындар 11 күн демалады
Қазақстандықтар 2022 жылдың шілде айында 2 мейрамды атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
6 шілде Мемлекеттік мейрам сәрсенбі күніне келгеніне қарамастан уақыты өзгертілмей апта ішінде бір күн демалыс болады.
9 шілде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан айттың бірінші күніне келеді. Айт мейрамында қазақстандықтар Еңбек Кодексінің 84-бабында көрсетілгендей бір күн демалады.
Осылайша келесі айда, аптада бес күн жұмыс жасайтындар 11 күн демалады, ал алты күн жұмыс жасайтындар 7 күн демалады.