Петропавлда ерекше отбасы табылды

pkzsk.info
pkzsk.info
Ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда XXI ғасырдағы ерекше отбасы табылды. 2020 және 2023 жылы туған балалардың құжаты жоқ болып шыққан. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бұрын сотталған ер адамды үйіне іздеп, тексеруге барған кезде балалары құжатсыз және балабақшаға бармайтынын анықтаған,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Пробация бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шара барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған және қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің көмегіне мұқтаж бір сотталған ер адамның отбасын тексерді.

Бұрын сотталған ер адам әкесімен, әпкесімен және оның 2020 және 2023 жылы туған екі баласымен тұрады. Балалардың құжаты жоқ болып шыққан. Оның үстіне балабақшаға да бармайды екен. 

Балалардың анасы жұмыс істемейді. Ал бұрын сотталған ер адам ішімдікке салынып кеткен көрінеді. Қазіргі уақытта ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. 

Оқи отырыңыз: 20 күн сабаққа бармаған оқушының анасына айыппұл салынды

Новости партнеров