|
22.11.2019 | 10:00
2022

Алматы әкімі Nur Otan партиясында қала тұрғындарын қабылдады

Алматылықтар қабылдауға жеке бас мәселесімен ғана келмейді – Сағынтаев

Алматы әкімі Nur Otan партиясында қала тұрғындарын қабылдады

Алматы тұрғындары Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына үй, жер, коммуналдық мәселелерге қатысты өз проблемаларын шешу үшін ғана келмейді. Көптеген жандар жақсы идеяларын ұсынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қабылдауға келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерімен айналысатын Арнұр Ысқақов пен Нұргүл Сейітбекова болды. Олардың «Белсенді өмір» форумын өткізу және ыңғайлы киімдер тігу жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру ұсынысын қолдаймыз», - деп жазды Алматы әкімі.

Оның айтуынша, қолжетімді ортаны қамтамасыз ету – Nur Otan партиясы қалалық филиалының бақылауында тұрған маңызды мәселелердің бірі.

«Аппараттық жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жоба туралы ақпаратты тыңдадық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны қалыптастыратын әрі мемлекеттік қызметті көрсететін 20 ұйымның жұмыстарында кемшіліктер бар. Шешім қабылданды: партияның қалалық филиалының келесі отырысында аталған объектілер басшылары көрсетілген проблемалардың қалай шешіліп жатқанын баяндайтын болады», - деп қортындылады Бақытжан Сағынтаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир