Алматы тұрғындары «Тағзым» мемориалына гүл шоғын қойды

05.01.2023 17:27

Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр

пресс-служба акима Алматы

Қала тұрғындары қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, «Тағзым» мемориалының стелласына гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты рәсімге қала басшысы, қоғам қайраткерлері және басқалары қатысты.

Дін қызметкерлері марқұмдардың рухына құран бағыштап, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы уағыз айтты. Жиналғандарға мешіттегі асқа бару үшін көлік дайындалды. Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалған болатын.

Мешітке келгендердің арасында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің ректоры, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы Ақан Бижанов, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Елгезек Ақберен, спортшы Ардақ Назаров және басқалары бар.