Әуезов ауданында қылмыс едәуір азайған

11.10.2019 17:27

Әсіресе, кісі өлтіру мен зорлау фактісі екі есеге азайған. Ал, қарақшылық шабуыл - 24, адам денсаулығына қасақана зиян келтіру - 30, тонау - 31, ал ұрлық 9 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған аталған ауданда екі ауысымдық жаяу патрульдеу мен тұрғындармен аулалық кездесулерді ұйымдастырудың септігі тиді,- дейді тәртіп сақшылары.

«Аталған аудан тұрғындармен жыл басынан бері өткізген 150 аулалық кездесудің арқасында көптеген түйткілді шештік. Мысалы, тіркеусіз тұрып жатқан көптеген азаматты анықтадық. Түнгі уақытта қай дүкендерде ішімдік сатылатынын білдік. Бұдан бөлек, жедел қызметкерлердің қоғамдық көліктердегі кезекшіліктердің арқасында қалта ұрыларын анықтадық. Осы шаралардың арқасында Әуезов ауданындағы қылмыстың деңгейі 6,2 пайызға төмендеді. Алдын алу шараларының нәтижесінде ауданда жасөспірімдердің арасындағы заңбұзушылық 13 пайызға азайды», – деді Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының басшысы Әлішер ТҰРСЫНБЕТОВ.