Еліміздің қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі көп

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,9 пайызға аз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты ресми түрде 841 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,9 пайызға аз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Energyprom.kz мамандарының салыстыруынша, 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында 903 отбасылық және тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,7% аз көрсеткіш.

«Өңірлік тұрғыдан алатын болсақ, отбасылық-тұрмыстық жанжалдан шыққан қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген: өңірде бір жыл бұрын 135, ал биыл 100 дерек тіркелген», - дейді мамандар.

Сондай-ақ Алматы (87 жағдай), Қарағанды (80 жағдай), Павлодар (80 жағдай) және Қостанай (72 жағдай) облыстарында да осы тәріздес құқықбұзушылықтар саны біршама көп болыпи отыр.

Аталған құқықбұзушылық саны бойынша ең аз дерек жаңадан құрылған үш өңірде – Абай (3), Ұлытау (4) және Жетісу (5) облыстарында тіркелді.

«Тіркеуге алынған істердің 97,6%-ы жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады: 821 іс – бір жыл бұрынғыдан 7,9%-ға аз. Мұндай құқықбұзушылықтың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327 іс) және орташа ауырлықтағы (295 жағдай) зиян келтіру, сондай-ақ кісі өлтіру (99 іс) болды», - делінген зерттеуде.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылардың арасында меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар (9 іс) және басқаруға қарсы қылмыстық құқықбұзушылық (4 жағдай) жасағандар да кездесті.

Новости партнеров