Бұл қазір өзекті болып тұр
Қазақстан басшысы келер жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы жинақталған қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, емделуге пайдалану туралы шешімді жариялады.
«Менің тапсырмам аясында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі пысықталды. Бұл қазір өзекті болып тұр. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алады», – деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.