Бірақ Hyundai маркалы жеңіл көлікті байқамай, қауіпті жағдай тудырған
№70 бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізуші Саин даңғылымен келе жатып, Ұлықбек көшесіне жеткен сәтте кенеттен келесі жолаққа түсуді ойлайды. Бірақ Hyundai маркалы жеңіл көлікті байқамай, қауіпті жағдай тудырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нәтижеде, солтүстік бағытта келе жатқан басқа да көліктерді қағып барып, бір-ақ тоқтаған. Оқиға салдарынан автобуспен қатар тағы төрт жеңіл көлік зақымданды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.