Бұл туралы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ресей тарапы құру жағына жауапты болса, қазақстандық тарап жерүсті инфрақұрылымына қаржы құяды. «Бәйтерек» кешені 2024 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланған. Құрылысына барынша Қазақстан мамандары тартылады деп көзделуде.
«Құрылыс барысында 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Егер пайдасы қандай деген сұраққа жауап беретін болсам, бұл «Байқоңырда» жүзеге асырылатын алғашқы қазақстандық жоба. Сонымен қатар, бұл жоғары технологиялық ғарыш жобаларымен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ осы саланың мамандарын оқытуға, даярлауға үлкен әсер болады. Және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Старттық және техникалық кешендерді жаңғырту, жұмыс істеп тұрғандарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл мақсатта 233 млн доллар бөлінеді», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Министр, «Бәйтерек» ғарыш кешенін құру 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек, депуттар аталған кешеннен қандай тасымалдағыш зымырандар қолданылатынын, экологиялық қауіпсіздігі қандай болатынын сұрады. Ведомство басшысы, Асқар Жұмағалиев «Протон» экологиялық жағынан тиімсіз екенін айтып, бұл тасымалдағыш зымыранда гептил отыны пайдаланылмайтынын жеткізді.
«Союз-5» тасымалдағышында гептил отыны пайдаланылмайды, яғни онда оттегі мен керосин отыны болады. Осы орайда экологиялық жағынан әлдеқайда тиімдірек. Бұл ретте экологиялық тұрғыда мәселе туындамайды. Сонымен қатар, коммерциялық жағынан «Союз-5» зымырын тасымалдағышы «Протонмен» салыстырғанда тиімді», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ.