Ресми мәліметке сәйкес, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1-сыныпқа баратын балалардың саны 340 мыңнан асады деп болжанып отыр
Мектепке алты жастағы және осы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылау тәртібін түсіндірді.
«1-сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылдау 1-сәуірден басталады. Мектепке алты жастағы және осы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады», – деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, барлық құжатты «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға болады. Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымы оқуға қабылдау қағидаларында көрсетілмеген құжаттарды талап ете алмайды.
Биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау ерте басталады.
«Мектепке бірінші аумақтық қызмет көрсету бойынша өтініш білдірген үш үміткер, тек содан кейін қызмет көрсету аумағынан тыс бір үміткер оқуға қабылданады», – деп атап өтті Каринова.
Ресми мәліметке сәйкес, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1-сыныпқа баратын балалардың саны 340 мыңнан асады деп болжанып отыр.