Әр қаламгерге арналған монеталар 7000 данадан айналымға да түсті
Ұлттық банк бұл монеталарды ел тарихындағы әйгілі тұлғалардың туғанына 125 жыл толуына орай арнайы жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
100 теңгелік монеталарда Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Тұрар Рысқұловтың бейнелері қойылған. Әр қаламгерге арналған монеталар 7000 данадан айналымға да түсті. Одан өзге монетада Қазақстанның елтаңбасы, қазақтың ою-өрнегі мен киіз үйдің элементтері де бар. Сонымен қатар, Ұлттық Банк «Қазақстанның бейнелеу Өнері» сериясынан 500 теңге номиналына Әбілхан Қастеевтің «Бүркітші» картинасы бейнеленген монеталар шығарды. Ұлттық Банк баспасөз қызметінің айтуынша, бұл қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға, Қазақстанның бейнелеу өнерінің түрлі бағытын танытуға септігін тигізеді.