Сұрақтар жауапсыз қалмады. Наурызбай ауданының әкімі Тоғай Санжар тұрғындардың «Алматы» телеарнасының ресми сайтына жолдаған сұрақтарына жазбаша түрде жауап берді.
Әкімінің айтуынша, биыл ауданнның 3 жарым мың тұтынушысы ауыз сумен қамтылып, №184 балабақша пайдалануға беріледі.
«8 шақырым биіктіктен келетін 219 диаметрлі су құбыры қатқан жағдайда, жоғары жақтағы су құбыры бөлек ажыратылады да, халықты сумен қамтамасыз ету үшін орнатылған насос іске қосылады. Ал, №184 балабақша мамыр айының соңына дейін ашылады», - деді әкім.
«Ақжар» ықшамауданы тұрғындары үйінің қасында тұрған аялдамаға жету үшін бірнеше көшені айналып өтуге мәжбір.
«Хатта көрсетілген мекенжай бойынша жеке меншіктегі жер телімі иелерімен келіссөздер жүргізіп, жаяу жүргіншілер жолын ашу мәселесі қарастырылуда. Аудан әкімшілігі тарапынан бағдарлама әкімгері болып табылатын басқармасы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына сыртқы жарықтандыру жүйелерінің құрылысын қажет ететін көшелердің тізімі жолданып, тиісті тапсырыс берілді. Аталған жұмыстар бюджеттен қаражат бөлінуіне қарай іске асырылады», - деді Тоғай Санжар.
Аудан әкімі сайтымызға келіп түскен 115-ке жуық сұрақтардың әрқайсысына жеке-жеке жазбаша жауап берді. Сондай-ақ, қордаланған мәселенің көбісі ағымдағы жылы шешілетініне сөз берді. Сауалдардын жауабын көргіңіз келсе, мына сілтемені басыңыз!
Айта кетейік, «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасы әр бейсенбі сайын кешкі сағат 19:30-да «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.