|
12.01.2024 | 12:29
13206

Аты мен тегін өзгертуге бола ма

Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері тарқатып айтты

Аты мен тегін өзгертуге бола ма Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Адамның аты-жөні, тегі немесе әкесінің аты көңілінен шықпайтын жағдайлар кездеседі. Адам тегін өзгерте ала ма және қайда баруы керек? Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ӨКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зауреш Сатхожина «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты туу, некеге тұру және бұзу туралы тиісті актілік жазбаларда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туралы хабарлады, аты-жөнін өзгерту туралы қорытынды негізінде енгізіледі.

Бұл ретте бұрынғыдай аты-жөнін өзгерту туралы акт жазбасы тіркелмейді және атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік берілмейді.

- Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғанын растау үшін туу, некені қию және бұзу туралы тиісті куәлік береді, – деді спикер.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды Қазақстан Республикасының Неке-отбасы заңнамасына сәйкес Қазақстанның Тіркеуші органы, шет елдердегі мекемесі жүргізеді.

Өтінішті 16 жастан асқан азаматтар береді. Егер жасы кәмелетке толмаған болса, ата-анасының қатысуы талап етіледі.

- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеуші органдар он алты жасқа толған, азаматтардан жеке өтініш қабылдау бойынша жүргізеді, - деп нақтылады ол.

Адам жеке мәліметтеріне өзгерту  енгізу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) өтінішпен жүгіну қажет. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-не өтінішті «электрондық үкімет»порталы арқылы жіберуге болады.

Аты, әкесінің аты, тегі өзгергеннен кейін бір ай ішінде жеке куәлік пен паспортты өзгерту қажет.

Тегі, аты, әкесінің аты қандай негіздер бойынша өзгертілуі мүмкін?

- аты, әкесінің аты, тегі жағымсыз естілген жағдайда;

- атын, әкесінің атын, тегін айтудың қиындығы;

- егер некені (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегінде қалса, жұбайының (зайыбының) жұбайымен (зайыбымен) ортақ тектес болу тілегі;

- егер некені (ерлі-зайыпты) бұзу кезінде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет білдірсе;

- алдыңғы некеден (ерлі-зайыпты) балалармен ортақ текті алғысы келсе;

- жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі фамилияны алғысы келген жағдайда;

- жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі фамилияда болса, балалармен ортақ фамилия алғысы келсе;

- ата-анасының біреуінің (ата-анасының әр түрлі ұлты кезінде) өтініш беруші таңдаған ұлтына сәйкес келетін атын және (немесе) тегін алып жүруге тілек білдіру;

- өмірде іс жүзінде қалыптасқан, құжаттардағы атауынан өзгеше есімді алғысы келсе;

- егер некеге тұру (ерлі-зайыпты) кезінде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алуға ниет етсе;

- ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есімімен тегін өзгерткісі келсе;

- өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атын алып жүруге тілек білдірсе;

- жынысы хирургиялық өзгерген кезде таңдалған жынысқа сәйкес келетін есімді, әкесінің атын, тегін алғысы келген жағдайда өзгереді.

Осылайша, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін олардың иесінің қалауы жеткіліксіз. Ол үшін жоғарыда аталған дәлелді себептердің біреуінің болуы қажет.

Оқи отырыңыз: Биыл ҰБТ өзгере ме – министр жауабы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир