Дәрігерлер қызға зорлық жасалғанын және 100-ден астам жыныстық қатынаста болғанын нақтылаған
Өзбекстанның Сұрхандария облысының Алтынсай ауданындағы жергілікті мектептің химия мұғалімі өзінің оқушысын 2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін зорлап келген, деп жазады Zakon.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленуші қыздың айтуынша, мұғалімі оны 2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін зорлап келген.
«Ағай маған арақ ішкізіп, химиялық зертханаға алып кіріп зорлады. Кейін екі күнде бір не үш күнде бір болып тұрды. Алғаш ол маған 9 сыныптың басында сексуалдық зорлық көрсетті. Онда олимпиадаға дайындаймын деп мектепте алып қалып, алдап араққа мас қылып зорлады. Кейін бұл жөнінде ешкім білмеуі керек деп ескертіп, болмаса мектептен шығарып жіберемін деп қорқытты», – дейді қыз.
Кейін қыздың анасы қызының қолынан қымбат ұялы телефон және ақша көргенде күдіктене бастаған.
«Мен одан тергеп сұрағаннан кейін барып, телефонды химия пәні мұғалімі бергенін, оған дейін оны зорлап келгенін айтты», – дейді қыздың анасы.
Ол бұл бойынша қызы оқитын мектептің басшылары мен құқық қорғау органдарына шағымданып, сексуалдық зорлық фактісі бойынша медициналық сараптама өткізуді талап еткен.
«Сараптама қызыма сексуалдық зорлық жасалғанын растады. Дәрігер қызым жүзден аса жыныстық қатынаста болғанын айтты», – дейді анасы.
Оқушы қызды зорлады деп айыпталып жатқан мұғалім биыл мамыр айында арыз жазып, жұмыстан кеткен. Жергілікті құқық қорғау органдары оған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.