Әйелі күйеуін Астанадағы қонақүйлердің бірінен көңілдесімен ұстап алды

19.02.2019 17:31
kz.el24.kz

Астанадағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істейтін жігіт өзі куә болған оқиғалардың бірін айтып берді, деп жазады NUR.KZ.

Бірде қонақүйге орта жастағы ер адам мен жап-жас бойжеткен келіпті. Жігіт олардың ерлі-зайыптылар емес екенін бірден аңғарыпты.

«Кешкі асты бөлмелеріне әкелуін сұрады. Біз клиенттердің бұндай өтінішітерін орындаймыз», - деген ол біршама уақыттан кейін есіктен орта жастағы әйел кіріп келді дейді.

«Қолында неке жүзігі бар екен. Бірден сол еркектің әйелі екенін білдім. Менен қай бөлмеге кетті деп сұрады. Айттым. Тіпті күзетшінің де сөзіне қарамай, баса көктеп кіріп кетті. Бөлмелеріне барып, қонақүйді басына көтеріп айқайлап, екеуін де сыртқа қуып шықты», - деп еске алды жігіт осыдан бірнеше жылғы оқиғаны.