|
25.11.2022 | 12:31
3243

Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі тікелей эфирден көрсетіледі

Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі тікелей эфирден көрсетіледі Ақорда

26 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

«Ертең, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтті. Оған алты үміткер, оның ішінде қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2022 жылғы 22 қарашада ведомство отырысында елдегі президент сайлауының түпкілікті нәтижелерін жариялады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оған 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир