«Алматы-Шелек-Хоргос» авто жолы ашылды

13.12.2020 19:05

12-желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған бағыт бойына жол жабылған болатын

Фото: ашық дереккөзден

«Алматы-Шелек-Хоргос» авто жолы ашылды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» ҰК Алматы облысы бойынша филиалы және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша «Алматы-Шелек-Хоргос» Республикалық маңызы бар автожолдың 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін ашылды»,– делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында. 

Естеріңізге сала кетейік, 12-желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған бағыт бойына жол жабылған болатын. Көк тайғақ пен тұман салдарынан барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды.