Шеберлік сағаттың негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын тәрбиелеу, азаматшалар арасында халқымыздың мәдени дәстүрлеріне қызығушылығын арттыру
Алматыдағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында «Ұлттық киім кешек тігу» атты тақырыбында шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Шеберлік сағаты барысында көпбалалы аналарымыз қазіргі кезде трендке айналған тақияларды тігіп, жасалу жолдарын үйреніп, оны әсемдеу жұмыстарын жасады. Сонымен қатар әртүрлі мерекелік шараларға арналған өте нәзік үкілі тақиялар, кимешек пен кеудешелерді өзара сәйкестендіре әсемдеп, тігіп үйренді. Біздің ата-баба дәстүрінен келе жатқан осы ұлттық киімдерді қазіргі заман үлгісімен ұштастыра өте керемет дүниелер жасап шығарды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, шеберлік сағаттың негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын тәрбиелеу, азаматшалар арасында халқымыздың мәдени дәстүрлеріне қызығушылығын арттыру.