Бұйым оның асқазанында 11 күн бойы жүрген
Алматы облысындағы Іле ауданының дәрігерлері 9 айлық бүлдіршіннің асқазанынан әшекей бұйым алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Баланың өзі белгісіз затты жұтып қойғанын түсіндірген. Әшекей оның асқазанында 11 күн бойы жатқан. Ең бастысы, ота сәтті жүзеге асты. Баланың жағдайы жақсы», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Ведомство өкілінің мәліметінше, дәл осы Іле аудандық ауруханасының дәрігерлері екі ай бұрын 8 жастағы баланың ішінен 1,5 келі шаш алған.