Аяла Жамбыл – отбасындағы алтыншы бала
Алматы полицейлері қаланың екі миллионыншы тұрғынына жеңіл арба сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол патрульдік полиция инспекторы Бейбіт Әбілдаевтың қызы Аяла Жамбыл болатын. Ол – отбасындағы алтыншы бала.
«Шаһардың екі миллионыншы тұрғыны көп балалы әріптесіміздің отбасында дүниеге келді. Ал бүгін жеке құрамның атынан нәрестеге жеңіл арба сыйладық. Біз Аялаға мықты денсаулық және анасына тез сауығып кетсін деп тілейміз», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.