Алматыда жұмыссыздар жұмысқа орналасуда қалай көмек ала алады

07.10.2022 17:33

19 қазан күні сағат 11:00-де Арбатта жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

massaget.kz

Жұмыс іздеп жүрген алматылықтарға не істеу керек, оаларға бәсекеге қабілетті түйіндеме жасауға және лайықты бос жұмыс орнын табуға қайда көмек көрсетіледі. Бұл сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, бүгінгі күні жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 4306-дан астам бос жұмыс орындарын орналастырған.

Ағымдағы жылдың басынан бері 25 221 адам жұмысқа орналасса, оның 13 343-і тұрақты, 11 878-і уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Азаматтар мен жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 2018 жылдан бастап қызметтерді электронды форматқа көшіруді жүзеге асыру басталды. Бүгінгі күні барлық қызметтер онлайн түрде көрсетіледі, бұл өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жолдама алу, жұмыс беруші үшін бұл бос жұмыс орындарын жариялау, кадрларды іріктеу, белсенді шараларға қатысуға өтініш беру, әртүрлі құжаттарды ұсыну. жұмыспен қамту туралы есеп беру», - деп хабарлады С.Кенжебаев.

Жұмыспен қамту орталығының директоры ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап 2023 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарына қатысқысы келетін жұмыс берушілердің өтініштерін қабылдау басталғанын айтты. Қабылдау айдың соңына дейін жүргізіледі.

Сондай-ақ спикер азаматтардың жекелеген санаттарын квота бойынша жұмыс орындарына (квота бойынша мүгедектер – 2171, тұрақты жұмыс орындарына – 223, пробация қызметі мен бас бостандығынан айыру орындарында есепте тұрғандар – 23, жетім балалар – 2, әйелдер – 12815 , жастар – 8768,  алимент бойынша берешегі бар азаматтар – 15) жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

«Жұмыс іздеушілерді тарту мақсатында Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп стихиялық «еңбек биржаларында», базарларда, халық көп жиналатын орындарда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Алтын Орда» әмбебап базары ауданындағы «Барлық», «Барахолка», «Сары Арқа», Шолохов көшесі бойындағы «Алматы 1» сияқты базарлар қамтылды», - деді С.Кенжебаев.

Кездесулер барысында жұмыс іздеушілердің басым бөлігі Алматы қаласының тұрғындары емес екені белгілі болды. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, бостұрған жұмыс орындар ұсынылды, Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына қатысу мүмкіндіктері бойынша түсіндірмелер берілді, жұмысқа орналасуға және мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп тұрады. Жыл басынан бері 28 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 8 мыңнан астам адам қатысты (1000-ға жуық адам жұмысқа орналастырылды).

Алматы агломерациясы аясында биылғы жылы Алматы облысының жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, Есік қаласында екі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жыл соңына дейін Қаскелең қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

19 қазан күні сағат 11:00-де Арбатта жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді деп жоспарлануда. Шараға қаланың 150-ден астам кәсіпорны қатысады деп күтілуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыс іздеп немесе қызметкер тапқысы келетіндердің барлығын жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға шақырғым келеді.

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалған Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қабылдау «бір терезе» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар, онда барлығына интернетке кіру мүмкіндігі бар компьютер беріледі. Мекен-жайымыз: Достық даңғылы, 85, «Әлеуметтік қызмет көрсету үйі».

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығында 310-21-31 бірыңғай нөмірі арқылы Call-орталығы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, оның жеке сайты (cz-almaty.kz)  әлеуметтік желілердегі парақшалары бар, онда қала тұрғындары өз сұрақтарымен хабарласа алады.