|
02.09.2020 | 15:11
3603

Кімдер зейнетақының бір бөлігін ала алады: министр жауап берді

Зейнетақы жинағын 50 пайыздан асырмай алуға болады

Кімдер зейнетақының бір бөлігін ала алады: министр жауап берді aikyn.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы кімдер зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе білім алуға жұмсай алатынын айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы жыл соңына дейін барлық қажет норматив-құқықтық акт қабылдап, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бүгінгі таңда тұжырымдамалық мақұлданған шешім бар. 721 мың адамда зейнетақы жинағының бір бөлігін осы мақсатта пайдалануға мүмкіндік болады, бұл шамамен 1,4 триллион теңге болады», – деді Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағын 50 пайыздан асырмай алуға болады.

Нұрымбетов олардың ішінде "жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинағы бар 530 мыңға жуық жұмыс істейтін қазақстандық, сондай-ақ зейнетақы жинағы бар 178 мыңнан аса зейнеткер және сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан 13 мың адам барын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында енді 2021 жылы 700 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатыны хабарланған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир