Қызыл кітапқа енген бұл жыртқыш жануардың саны бүгінде 130-дан аспайды дейді ғалымдар
Әлемде сирек кездесетін қар барысы Қырғызстан тауларының біріндегі гоу про камерасына түсіп қалған. Бұл қызықты бейнероликті Facebook желісінде Сәкен Ділдахмет жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өзінің жазбасында ол қар барыстары көбінесе Қазақстаннан Қырғызстанға жиі қоныс аударатынын айтады. Бейнероликте жыртқыш аң гоу про техникасына қызығушылық танытып, камера алдында ары-бері жүріп, таңқаларлық мінез-құлық көрсеткен.
Айта кету керек, Қазақстанда Қызыл кітаптың III категориасына енген бұл жыртқыш жануардың саны қазіргі таңда 130-дан аспайды дейді ғалымдар. Елімізде қар барысы Іле Алатау бөктері қорығында мекендейді екен. Сирек кездесетін бұл жыртқыш түрінің жойылып бара жатуына басты себеп - браконьерлік болып отыр. Бірақ, соңғы уақытта елімізде барыстар саны көбейіп келеді дейді сала мамандары.