Қыз соңғы рет 9 қараша күні сағат 13:00-де әлеуметтік желіге видео жариялаған
Үлкен Алматы шыңындағы тауларда жоғалып кеткен турист қызды іздеу жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Оны іздеу тоқтатылды. Кеше оның туыстары бізді шақырып, іздеуді тоқтатуды сұрады. Себебін білмейміз. Мүмкін олар оны тапқан шығар», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқиға туралы құтқарушылары 10 қараша күні кешке хабарлаған. Туыстарының айтуынша, соңғы айларда жоғалған қыз тау туризмімен айналысқан. 9 қарашада сағат 13:00-де әлеуметтік желіде видео жариялады. Одан кейін турист байланысқа шықпады. Осыдан кейін құтқарушылардың жедел тобы көмекке ұмтылды, оның ішінде кинолог мамандар бірге жүрді.
Ауа-райының қолайсыздығына, тік беткейлерге, жартастарға және нөлдік көріністерге қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына тағы бір құтқару бөлімшесі, 11 адам, бір кинологиялық экипаж жіберілді. Ауа-райының қолайсыздығынан құтқару жұмыстары қиындай түсті, алайда іздеу жұмыстары қызу жүрді.
Полиция Алматы тауында 26 жастағы туристің жоғалып кетуіне байланысты іздестіру ісін бастады, деп хабарлайды қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Хабарсыз кеткен туристі 50-ден астам полиция қызметкерін іздеуде.
«1993 жылы туылған азамат Панаргалиева Әсел Маратқызының белгісіз жоғалуына байланысты іздестіру ісі қозғалып, Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасында тергеу жүргізілуде. Азаматша Панаргалиева М. М. туыстарының айтқан жағдайларын ескере отырып, іздестіру ісі дереу тіркеліп, тергеу-жедел бөлімі дереу құрылды. Құрамында 50-ден астам полиция қызметкері бар қалалық криминалдық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлері бар топ іздеуде», - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің басшысы Дәурен Өтебаев.
Полиция жедел-іздестіру шаралары аясында, бірінші кезекте, жоғалған қызбен жақын қарым-қатынаста болғандарды тексеріп, оның өмір салтын анықтайтынын хабарлады.