Барлық мемлекеттік органдар ғимараттарындағы тулар төмен түсірілді
13 шілде елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Алматы әкімдігінің алдында қала басшылығы аза тұту рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барлық мемлекеттік органдар ғимараттарындағы тулар төмен түсірілді. Сағат 12.00-де бір минут үнсіздік болды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, қалалық мәслихаттың, Nur Otan партиясының қалалық филиалының және Қоғамдық кеңестің басшылары аза тұту рәсіміне қатысып, коронавирус індетінен қаза тапқандарды еске алды», – делінген хабарламада.