Өскеменде белгісіз біреулер тірі мысықты қоқысқа лақтырып жіберген
Depositphotos.com
Үй жануарын көшеде кетіп бара жатқан тұрғын көріп, аман алып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскеменде белгісіз біреулер тірі мысықты пакетке салып қоқысқа лақтырып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Үй жануарын көшеде кетіп бара жатқан тұрғын көріп, аман алып қалған. Әйелдің айтуынша, ол алдымен мысықтың дауысын естіп, кейін контейнердің ішіндегі жануарды көрген.
"Марғаудың жағдайы қазір ауыр. Ол біраз уақыт су ішпеген. Қан анализінің нәтижесі нашар. Оған қан құю қажет. Сол себепті бізге қазір донор керек. Сонымен қатар мысықты толықтай емдеуге қаржылай көмек сұраймыз", - деп хабарлады "Дворян"қоғамдық қоры.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06