Өскеменде белгісіз біреулер тірі мысықты қоқысқа лақтырып жіберген

22.02.2023 17:34

Үй жануарын көшеде кетіп бара жатқан тұрғын көріп, аман алып қалған

@dvoryaninuk/Instagram

Өскеменде белгісіз біреулер тірі мысықты пакетке салып қоқысқа лақтырып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Үй жануарын көшеде кетіп бара жатқан тұрғын көріп, аман алып қалған. Әйелдің айтуынша, ол алдымен мысықтың дауысын естіп, кейін контейнердің ішіндегі жануарды көрген.

"Марғаудың жағдайы қазір ауыр. Ол біраз уақыт су ішпеген. Қан анализінің нәтижесі нашар. Оған қан құю қажет. Сол себепті бізге қазір донор керек. Сонымен қатар мысықты толықтай емдеуге қаржылай көмек сұраймыз", - деп хабарлады "Дворян"қоғамдық қоры.