Алтай Рақымбетовтің ақпаратынша, Бостандық ауданында 29 714 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде іске қосылып тұрғандары – 17 359. Кәсіпорындардың басым бөлігі көтерме-бөлшек саудаға – 33% (10700), ғылыми-техникалық қызметке – 12% (4500), құрылысқа-9% (3150) және т. б. кіреді. Есеп кезеңінде 4 511 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 88%-ы қызмет көрсету және сауда саласындағы жұмыс орындары, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін бірқатар бағдарламалар іске асырылуда. Бұл «Бизнестің жол картасы-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған «Еңбек» бағдарламасы», «Бизнес Бастау», «ІСКЕР АНА».
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында аудан бойынша жалпы сомасы 9,4 млрд.теңгеге 17 жоба субсидияланды. Мемлекеттік гранттарды өтеусіз негізде ұсыну бойынша ауданда жалпы сомасы 20,7 млн.теңгеге 14 жоба мақұлданды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж. арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында аудан бойынша жалпы сомасы 647,3 млн.теңгеге 41 шағын несие берілді.
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасы бойынша 755 адам оқудан өтті. Олардың 418-і өз бизнесін ашу үшін гранттарды қорғады.
Көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында өткен жылы «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Осы орталықтың базасында «ІСКЕР АНА» жобасын дамыту аясында 20 көп балалы аналарға демеушілерді тарта отырып, өз бизнесін дамытуға арналған жабдықтар сатып алынды.
Сондай - ақ, «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамыту аймақтық бағдарламасы аясында «Qolday» кәсіпкерлік орталығы құрылды. 2019 жылы 300-ден астам кәсіпкер жүгінді, жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болатын жобалар мақұлданды. 2019 жылдың қазан айында Almaty Invest - «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі ашылды.
Әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік қорғау шараларымен 6 209 адам қамтылды, оның ішінде 4 332 жұмысқа орналастырылды.
Есепті кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауда 6 740 адам жалпы сомасы 124 млн. теңгеден астам әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде, атаулы әлеуметтік көмекті 32,3 млн. теңгеге 641 аз қамтылған отбасы (2 978 адам) алды.
Тұрғын үй саясаты
Біздің ауданның көп пәтерлі тұрғын үй қоры 1 852 үйді құрайды, олардың құрамында 120 ПИК және 15 басқарушы компания.
Талдау барысы, ауданда 1990 жылға дейін салынған 1 200 үй бар екенін көрсетті. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011-2019 жылдар аралығында жалпы сомасы 4 млрд.теңгеге 342 КПТҮ жөндеу жүргізілді, оның ішінде 2019 жылы 60 үй, жалпы сомасы 817 млн. теңгеге 38 үйге күрделі жөндеу жүргізілді және 22 КПТҮ 45 лифт ауыстырылды.
Ағымдағы жылы тағы 63 үйді жөндеу жоспарлануда, онда 35 үй күрделі жөндеумен қамтылатын болады, 28 - лифт ауыстырылады.
ПИК қаражаты есебінен жалпы сомасы 198 млн.теңгеге 1058 үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Алматы қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында 2019 жылы инвесторларды тарту есебінен 5 млн.теңге сомасына 2 көп пәтерлі тұрғын үйдің қасбеті сырланды.
Сондай-ақ, жалпыүйлік есептеуіш құрал орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 1 386 көп пәтерлі тұрғын үйде 1 820 ЖҮЕҚ орнатылды. Аудан үйлері 94,5% - ға жылулық құралдарымен қамтылған. Жұмыста 69 КПТҮ қалды, онда 106 қондырғы орнату қажет. 2019 жылы 668 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде КПТҮ – 586 мың шаршы метр, ЖТҚ – 78 мың шаршы метр және 1 жатақхана – 3 мың шаршы метр. Бұл 2018 жылдың көрсеткішінен екі есе артық.
2020 жылы 120 ауланы күрделі жөндеу жоспарлануда, соның нәтижесінде жалпы аулалардың 51,4% жөндеумен қамтылатын болады.
Бұдан өзге, 100 ауланы күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде.
Сондай-ақ, 2019 жылы инвесторларды тарту есебінен 19 балалар алаңы абаттандырылды.
Аудан аумағының мониторингі барысында 870 металл, қаңқалы-қамысты және кірпіш гараждары анықталды. 2019 жылы 322 гараж бөлшектелді, осы бағыттағы жұмыс жалғасады.
Сумен жабдықтау және су құбыры
Негізгі проблемалы мәселелердің бірі қосылған аумақтарды сапалы сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз ету болып табылады, онда жеткізумен 6 жеке компания айналысады, оларда судың сапасы төмен және желілердің тозуынан жиі тоқтатылады. Осы мәселелерді шешу үшін, қазіргі уақытта «Нұрлытау» ш/а өнімділігі тәулігіне 9 мың текше метр тазарту құрылыстарын салуға ЖСҚ әзірленуде, одан кейін магистральды желілерді салу мәселесі шешілетін болады.
Одан өзге, 2019 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:
1. Әл-Фараби даңғылынан экологиялық бекетке дейін, ұзындығы 8 км Дулати көшесі бойында канализация коллекторын салу;
2. «Көкшоқы», «Алмаарасан» шағын аудандарында сумен жабдықтау және су бұру жүйелері салынды, сумен жабдықтау жүйесінің ұзындығы 2,8 км., канализация – 3,7 км.
Қазіргі уақытта «Ерменсай» ш/а ұзындығы 9км канализация коллекторының құрылысы басталды. «Нұрлытау» шағын ауданын сумен жабдықтау және су бұру бойынша ЖСҚ әзірленуде.
Газдандыру
Бостандық ауданында 6360 жеке тұрғын үй бар. Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы Дулати көшесі бойынша 8 км газ желісі салынды, 13 км газ желілерін қайта жаңарту аяқталды, 157 жеке тұрғын үй газға қосылды.
Қалған 155 тұрғын үйді табиғи газға қосу жұмыстары жалғасуда.
Елді мекендерді жарықтандыру.
Ауданда көше жарықтандыру желілерін жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру жұмыстарын «Алматы Қала Жарық» МКК жүргізуде. 2019 жыл ішінде 171 млн.теңгеге ұзындығы 392,4 км 13 320 жарық нүктесіне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді.
Қала әкімі алдағы екі жылда барлық көшелер мен аулаларды жарықтандыру міндетін қойды.
Осы тапсырманы орындау үшін ұзындығы 22,3 км 53 көшеде жарықтандыру жүргізілді, 154 көше қалды, барлық көшелер біріктірілген аумақтарда орналасқан, оған ЖСҚ әзірленуде.
Сондай-ақ, 60 аулада сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы жүргізілді.
Абаттандыру және көгалдандыру
2019 жылы аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді:
- Манас көшесінің жаяу жүргіншілер аймағын күрделі жөндеу;
- Дулати көшесіндегі скверді ағымдағы жөндеу;
- Республика алаңын абаттандыру;
- Ұзындығы 4,5 км арық желілерін ағымдағы жөндеу. Атап айтқанда, Тимирязев - Гагарин, Тілендиев – Абай, Радостовец 175 сияқты 3 учаскеде су басу орындары жойылды.
Қала әкімі жасыл қорды ұлғайту бойынша "Жасыл Алматы" жобасын жүзеге асыру бойынша міндет қойды. Осы жобаны іске асыру шеңберінде 8 мыңнан астам ағаш көшеттері мен 12 мың тірі бұта отырғызылды. Ағымдағы жылы 10 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2 160 ағашты қалыптап кесу, 20 мың санитарлық кесу, 684 апатты ағаштарды кесу жүргізілді.
Аумағы 21 мың м2 аумақты гүлмен безендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.- 30 орындық, 70 қоқыс жәшігі, 50 қыш құмыра, 300 боллардтар орнатылды.
22 млн. теңгеге зиянкестер мен жәндіктерден 180 га жасыл желектер өңделді.
Өзен арнасы тазартылып, 200 текше метр лай, құм және кездейсоқ қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің бетон құрылымдарын сырлау және тротуарды асфальт жамылғысын шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзенінің су қорғау белдеуі учаскесін және арнасын селден қорғау бөгетінен № 1 тұндырғышқа дейін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленуде.
Есепті кезеңде ұзындығы 15,6 км болатын 24 көшенің жол-асфальт жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, ұзындығы 2,2 км тротуарларды орташа жөндеу және салу жұмыстары жүргізілді, 5 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды, ұзындығы 7,4 км 15 учаскеде арық желілері мен нөсер канализациясын қайта құру және салу жұмыстары жүргізілді.;
Ауданды санитарлық тазалау үшін қосымша 18 арнайы техника сатып алды. 6 көлік айрығын, 238 көше мен өтпе жолдарды, жалпы ұзындығы 260 км, ұзындығы 173 км тротуарларды, 7 жер үсті және 12 жер асты жаяу өтпе жолдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бағанашыл шағын ауданындағы тұрғындардың көпшілігінің сұрауы бойынша, көліктік қызмет көрсету үшін Восточная көшесі – Бағанашыл ш.а. ағымдағы жылдың наурыз айында ұйымдастырылатын қозғалыс сызбасы әзірленді. Сондай-ақ, Қазақфильм шағын ауданнан 68-ші маршрут Ремизовка ш/а дейін ұзартылды.
Денсаулық сақтау және білім
Аудан аумағында 32 медициналық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 7 жеке меншік. Сондай-ақ, 200-ден астам жеке меншік Денсаулық сақтау ұйымдары бар.
Аудан бойынша Мемлекеттік мекемелердің медициналық жабдықтандырылуы 84,6% құрайды.
Халықты медициналық қызметтермен қадамдық қолжетімді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы қалалық студенттік емхана Нұр-Мүбарак университетінде және Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжінде 2 дәрігерлік амбулатория ашты.
Ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында 3 амбулатория ашуды жоспарлап отырмыз. Құрылысқа ЖСҚ әзірленуде:
- «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» үшін қабылдау бөлімшесі;
- «Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар емханасы» ғимаратына 70 төсектік қосымша құрылыс;
- 250 төсектік көп салалы аурухана онкоорталықпен;
- «Орталық қалалық клиникалық емхананың» 3 павильонын қайта жаңарту.
Жалпы орта білім беру жүйесіне 56 ұйым кіреді (оның ішінде 22 жеке меншік және 34 мемлекеттік мектеп).
Бостандық ауданы мектептерінің жобалық қуаты 25 873 оқушы орнын құрайды.
Оқушылардың жалпы контингенті 42 935 баланы құрайды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың өсімі 4 019 баланы құрады.
Оқушы орындарының тапшылығы 4 270 құрайды. Оқушылар орындарының тапшылығын қысқарту үшін мектептердің негізгі ғимараттарына қосымша құрылыс салу бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
1200 орындық №125 жалпы білім беретін мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды. 1100 орындық №40 Мектепке және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №9 мамандандырылған (түзету) мектеп-интернатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда 29 мемлекеттік және 89 жеке меншік балабақшалар жұмыс істейді, жалпы контингенті 10595 бала бар.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың кезектілігі 2 936 баланы құрайды.
МЖӘ аясында балабақшаларға кезектілікті қысқарту үшін өткен жылы 27 жекеменшік балабақша ашылды.
№ 21 гимназия аумағында №189 балабақшаның 120 орындық құрылысы аяқталуда (Марков көшесі, 28 Б).
Сондай-ақ, «Асылтау Тау» тұрғын үй кешенінің аумағында әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 195 орындық №191 балабақшаның құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта жиһаз және жабдықтар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Құқық тәртібі
2019 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында жасалған қылмыстар саны 13,7% - ға дейін төмендегені байқалады.
Қылмыстың ашылуының жалпы пайызы 3,6% - ға жоғарылады.
Қала басшылығы тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, түрлі оқиғаларға дер кезінде әрекет ету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік бойынша қызмет атқару, сондай-ақ Бостандық ауданының аумағында азаматтарды тәулік бойы қабылдау үшін 7 стационарлық полиция посттары орнатылды.