Өткен жылдың маусымынан бері аудан әкімі азаматтармен 29 кездесу, 73 жеке қабылдау өткізген
Көшелерді жарықтандыру. Апатты үйлер. Тазалық мәселесі. Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов тұрғындармен кездесіп, есеп берді. Алдымен қысқаша ғана баяндамадан басталған бас қосу ашық диалогқа ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өткен жылдың маусымынан бері аудан әкімі азаматтармен 29 кездесу, 73 жеке қабылдау өткізген екен. 2019 жылы әлеуметтік желілерге 2 500-ге тарта өтініш келіп түскен. Оның 1 752-і шешіліп, 599-на жауап берілген. Қалған 109-на аудандық және қалалық құрылымдар түсінік беріпті. Сұлтанбек Мәкежановтың сөзінше, ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар қала әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр. Биыл да тындырылатын тірліктер көп екен.
«Біз 279 көшені соның ішінде қосымша 27 ауланы 6200 жарықтандыру элементтерін көріп, оны 2020 жылға кіргіздік. Бұл 2020-шы жылы толықтай біту керек. Сондықтан бұл жұмыстарды сіздермен бірге ай сайын кездесіп қайсы жұмыс жасалды, қайсысы істелмей жатыр баяндап отырамыз», – деді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ.