Ал жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшқыш жұмыстан босатылды
Азаматтық авиация комитеті мейрамхана алдына жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшқышты жұмыстан босатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Бірқатар қазақстандық БАҚ-та видео жарияланды, онда «Falcon Avia» ЖШС-ға тиесілі тікұшақты қондыру сәті көрсетілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ережесінің 423-тармағының ережелері сақталмаған», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Елді мекен аумағына қонуға жол берген әуе кемесінің капитаны А. В. Матвиенко ұшудан шеттетілді, сондай-ақ «Falcon Avia» ЖШС ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілді.
Осыған дейін, өз тойларына ерекше келудің әдісін ойлап тапқан қазақстандық жас жұбайлар интернет қолданушыларын таңғалдырған еді.
Мейрамханаға тікұшақпен ұшып келген шаңырақ құрушылардың видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris.p.almaty парақшасында пайда болған. Бейнероликте тікұшақпен түсіп келе жатқан жас жұбайларды той қонақтары күтіп тұрған кадрлар бейнеленген.