Теңіздегі 4 вахта қызметкерінің ЖИТС жұқтырғаны жалған боп шықты

Теңіздегі 4 вахта қызметкерінің ЖИТС жұқтырғаны жалған боп шықты
Бүгінде инфекция жұқтырған екі қызметкерге қатысты вахтада тексеріс жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ведомство басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, шындыққа жанаспайтын деректі Оралдағы әріптестері таратқан. Бүгінге дейін белгілісі, аталған инфекцияны жұқтырған екі азаматтың Теңіз кәсіпорнына ешқандай қатысы жоқ. Қалған екеуі аталған вахтада жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алайда, ЖИТС-ті кен орнында емес, шетелде жұқтырған. Олар мамандардың жіті бақылауында. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Бүгінгі таңда инфекцияны жұқтырған екі қызметкерге қатысты вахтада тексеріс жүргізіліп жатыр.  

«Біріншіден, эпид тергеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Екіншіден, әрі қарай да алдын алу жұмыстары күшейтіледі. Бұдан бөлек, Теңіздің қызметкерлеріне ЖИТС инфекциясына қатысты тест өтуді ұсынып отырмыз. Бүгін аталған 4 жағдайды біз Атырау облысында тіркеген жоқпыз. Бұл Батыс Қазақстан облыстары. Ал бүгін Теңіз кенішіндегі анықталған екі қызметкер бойынша әлі де тергеу жүргіземіз», – деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА.

Новости партнеров