Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды

06.04.2024 23:18

Президент үндеуі барлық республикалық арналардан көрсетіледі

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасаған Аlmaty.tv хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды. Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі", - деп хабарлады Берік Уәли. 

Айта кетейік, бүгін президент Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Облыс басшысымен сөйлесу барысында президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.