Теміртауда жылу желісіндегі апатқа байланысты 50-ден астам үй жылусыз қалды

30.10.2022 17:38

Қала әкімдігінің хабарлауынша, апат кеше түнде жылу магистралінің жөнделіп жатқан бөлігінде болды

inbusiness.kz

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы 58 тұрғын үй кешеден бері жылусыз отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, апат кеше түнде жылу магистралінің жөнделіп жатқан бөлігінде болды.

Апат жылу жүйесіндегі тіректердің бірінің дұрыс орнатылмауына байланысты туындады. Соның салдарынан 6-шағынаудандағы 58 көп қабатты тұрғын үй жылусыз қалды. Қазір апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Өкінішке қарай мердігерлік мекеменің қызметкерлері жетіспей жатыр. Сол себептен қосымша көмек ретінде «АМТ» мекемесі көмек беруде. Аз уақытта апат болған аумақтағы ақауларды жою үшін барлық қажетті іс-шараларды атқаратын боламыз. «Оқжетпес-Т» ЖШС басшысына жылу болмаған уақыт бойынша аудан тұрғындарына төлем есептемеу бойынша тапсырма берілді», - деді «Теміртау қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ринат Қыдырбеков.