Ерлан Тұрғымбаев елдегі күзет ұйымдары қызметін жетілдіру мәселесіне арналған кездесуде айтты
Елдегі күзет қызметшілерінің киімдері бірыңғай стандарттарға негізделетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі күзет ұйымдары қызметін жетілдіру мәселесіне арналған кездесуде айтты.
«Күзетшілер киімдерін біріздендіру қажет. Әрине, әрбір күзет ұйымы өзгелерден имиджі арқылы ерекшеленгісі келетінін түсінеміз. Бірақ барлығына ортақ стандарттар болуы керек. Күзетші сырт көзге бірден көрінуі мүмкін. Сондықтан осындай шешімге келіп отырмыз», - деді министр.
Ішкі істер министрілігі елдегі мәдени-көпшілік шараларда қоғамдық тәртіпті күзетуге жеке күзет ұйымдарын да тартуды көздеп отыр.