Мемлекет басшысы екі жауапты хатшыны қызметінен босатты

21.10.2020 17:38

Әнуар Мұратұлы Ахметжанов, Әсем Бекқызы Нүсіпова

inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен екі министрліктің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен: 

Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; 

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.