Қазақстан Бразилиядан тірі ірі қара мал транзитіне және сиыр етін әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті шешімді ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шығарды. Оған ірі қара малдың ауруы себеп болған.
"Халықаралық жануарлар денсаулығы ұйымының ақпараты негізінде 2023 жылғы 9 наурыздан бастап ірі қара малдың губка тәріздес энцефалопатиясына (BSE) байланысты Қазақстан аумағына Бразилиядан мына тауарларды әкелуге уақытша шектеу енгізіледі", – делінген құжатта.
Олар:
Сондай-ақ Бразилиядан Қазақстан аумағы бойынша тірі ірі қара мал транзитіне де тыйым салынды.