|
04.12.2019 | 12:40
2151

Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Бойжеткен үстіне қоңыр пальто мен етік, қара шалбар киген

Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті

Алматыда 18 жастағы студент бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

Алматы облысының полициясы із-түзсіз жоғалып кеткен Викторию Зачепилованы іздестіріп жатыр. 

«2001 жылғы Виктория Зачепилова 3 қарашада түнгі уақытта Талғар ауданы Шымбұлақ ауылында орналасқан үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған», - делінген құқық қорғау органдары хабарламасында. 

Қыз бала Алматыдағы ЖОО-дардың бірінде оқиды. Үстіне қоңыр түсті пальто, қара шалбар және қоңыр түсті етік киген. 

«Іздестіріліп жатқан қыз туралы қандайда бір мәліметті білген жағдайда Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарласуды сұраймыз. Мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7272) 95-61-05, 8 778 900 0255, 8 778 127 9141 немесе 102», - делінген хабарламада. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир